Тоқаев мән-жайды анықтау үшін Қарағанды облысына барды

Админ
28/10/2023 - 19:11

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді, делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 21 кенші қаза болды.

252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді.

Шахтада 23 адам қалды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91