Сарбаздар енді үй жағында әскери борышын өтей алады – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Биылғы қараша-желтоқсан айлары аралығында тек ҚР Ұлттық ұланның экстерриториалдық мүдделері өз облысының құзіретінде болады

Админ
27/10/2023 - 23:07

Фото: «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының баспасөз қызметі

Фото: «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының баспасөз қызметі

Сарбаздар енді үйіне жақын өңірде әскери борышын өтей алады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерзімді әскери қызметшіні жасақтау ҚР Қорғаныс күштері мен өзге де әскери құрылымдарда экстерриториалдық принциптер бойынша жүзеге асуда. Яғни, жеке құрам әскерге шақырылушылар тұратын елдімекендегі әскери бөлімдер мен құрылымдардан өзге аумақта іріктеледі.

Бірақ биылғы қараша-желтоқсан айлары аралығында тек Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның экстерриториалдық мүдделері өз облысының құзіретінде болады. Мысалы, Семей қаласынан шақырылатын болашақ сарбаз Өскемен және Павлодар қалаларында әскери борышын өтеуіне болады. Дәл солай Павлодар, Өскемен қалаларынан шақырылғандар Семейде 1 жылдық әскери міндетін атқаруға мүмкіндігі бар. Яғни тек Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады.

ҚР Ұлттық ұлан сапына әскерге шақырылу бойынша +77775417213 нөміріне хабарласуға болады. 

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73