Астанада Юнус Эмренің ескерткіші бой көтерді

Ескерткіш елордадағы Ататүрік саябағында орналасқан

Sarbaz.kz редакторы
27/10/2023 - 15:44

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Астанадағы Ататүрік саябағында түрік поэзиясының атасы Юнус Эмренің ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Ескерткіш Түркияның Қазақстандағы елшілігінің, Түрік әлемі муниципалитеттер одағы мен Астана әкімдігінің бірлескен жобасы ретінде ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Елшісі, түрік ұйымдарының өкілдері, қазақстандық депутаттар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген түрік елшісі Мұстафа Капуджу мұндай іс-шаралардың екі бауырлас елдің тарихи-мәдени ортақ тамырын есте сақтау және бүгінгі мәдени байланыстарын жалғастыру үшін маңызды екенін айтты.

«13-14-ғасырда Анадолыда өмір сүрген түрік поэзиясының атасы, сопы, ақын және гуманист Юнус Эмре «Жаратушы үшін жаратылғанды ​​сүюді» өмірдің басты мақсаты етті», – деді ол.

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73