Қытайда IV Пара Азия ойындары 22 қазанда басталған
Велоспорттан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан, Антон Лаврентьев Қытайда өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында жекелей бәсекеде үшінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Prosport.kz-ке сілтеме жасап порталы.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан Қазақстан паравелоспорт федерациясының президенті. Өткен жылы Мақсат Қадыровпен бір тандемде пара-спортшы Душанбеде өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.
Қытайда IV Пара Азия ойындары 22 қазанда басталған. Жарысқа әлемнің 45 елінен 3800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысуда. Велоспорттан Қазақстан құрамасы жалпы есепте 32-ші орында және бұл жолы 17-ші қола медальді қанжығаға байлады.