Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Sarbaz.kz редакторы
26/10/2023 - 17:59

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тіледі.

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73