Іс-шаралар орталық алаңдар және ірі нысандар маңайында өтеді
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 25 қазан – Республика күні елордада қандай мерекелік шаралар өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Республика күніне орай, елордада 200-ден аса мәдени, білім, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрнекті нысандарға экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер, әлеуметтік осал топ өкілдеріне азық-түлік себеттерін тарату, пәтер кілттерін табыстау және басқалары бар. Отшашу болмайды», - деп жазылған әкімдіктің Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.
Іс-шаралар орталық алаңдар және ірі нысандар маңайында, сонымен қатар тұрғын алаптары мен білім беру ұйымдарының аумақтарында өтеді.