Астанада жауынгерлер футболдан өзара мықтыны анықтады

Турнирге 8 команда қатысты

Sarbaz.kz редакторы
23/10/2023 - 23:26

Елордадағы «Астана» спорт кешенінде Республика күніне арналған шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Турнирді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Жауынгерлік дайындық бас басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы құрылымдық бөлімшелерінің атынан 8 команда қатысты.

«Турнир барысында қатысушылар өз күштері мен төзімділіктерін сынап, жолдастық рухын нығайтты. Бірқатар командалардың құрамында жас ойыншылар да болды. Дегенмен ойындар жоғары қарқынмен және үлкен спорттық көңіл-күймен өтті. Шағын футболдан мұндай турнирлер Қарулы күштерде спортты одан әрі насихаттауға жасалған кезекті қадам болып саналатынына сенімдімін», - деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Талғат Сыздықов.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының құрама командасы, екінші орынды Қару-жарақ бас басқармасы және үшінші орынды Байланыс, радиотехникалық қамтамасыз ету және автоматтандырылған басқару жүйелері басқармасының командасы жеңіп алды.

Жеңімпаз команда кубок пен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал екінші және үшінші орын алған командалар медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4