«Бомбадан қорғану»: төтенше жағдай туындағанда қайда паналау керек

ҚР ТЖМ хабарлама таратты

Sarbaz.kz редакторы
23/10/2023 - 21:09

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Адамдар елде бомбадан қорғайтын баспана бар деп ойлайды. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламаға сүйенсек, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес «бомбадан қорғану» ұғымы жоқ, бұл терминнің орнына «азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы» ұғымы қолданылады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрліктің мәліметінше бүгінгі күні қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары тасымалдауға келмейтін науқастарды, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық және қызмет көрсету персоналын және азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың ең көп жұмыс ауысымын қорғау үшін көзделген.

Сонымен қатар, халықты қорғаудың бірнеше жолы бар екенін атап өткен жөн:

  • халықтың қарапайым баспаналарда тығылуы (жертөле, ғимараттың жертөле үй-жайы, сауда үйлерінің, жеке тұрған тереңдегі құрылыстардың, метрополитендердің жерасты паркингтері);
  • эвакуациялық іс-шараларды жүргізу (халықты қала сыртындағы аймаққа шығару).

«Халықты жинау үшін, яғни оны одан әрі қауіпсіз аймаққа шығару үшін зардап шеккен халықты жинау пунктері белгіленгенін атап өткен жөн. Осы жинау пунктері мен оларға жету маршруттарының орналасқан жері туралы ақпаратпен халық 2ГАЖ қосымшасында таныса алады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91