Бұрынғы Әділет министрі ұсталды

Оған үлестес компанияның мүдделерін қолдады деген айып тағылды

Sarbaz.kz редакторы
23/10/2023 - 20:32

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М. Бекетаев екенін растаймыз. Оны қамауға алуға сот санкция берді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Ол өз сөзінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынғанын, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Айта кетейік, 21 қазан күні Антикор бұрынғы Әділет министрінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді. Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген. Қазір активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

×

Редакция

$ 511.22  540.05  4.73