Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның елшілерін тағайындады

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
23/10/2023 - 15:29

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Индонезия, Мексика және Латвия мемлекеттеріндегі елшілері тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; 

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06