Атырау облысында көпқабатты үйден өрт шығып, 3 нәресте, 3 ересек адам құтқарылды

Қызыл жалынды сөндіуге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды

Sarbaz.kz редакторы
17/07/2023 - 16:25

Фото: облыстық ТЖД

Фото: облыстық ТЖД

16 шілдеде сағат 17:28-де Вокзал мөлтек ауданы – 5 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққан, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде балконның жанып жатқанын анықтады. Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын (21 ересек, 17 бала) өз күшімен эвакуацияланған.

Сонымен қатар дәліз бойын қою қара түтін басуына байланысты өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды (3 ересек, 3 нәрестені) екінші және төртінші қабаттың тұрғындарын құтқарды.

Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Өрт салдарынан пәтердің балконында орналасқан тұрмыстық заттар жанған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде санаулы минуттарда өрт сөндіріліп, өрттің басқа бөлмелер мен өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ», - деді Атырау облысы ТЖД өкілдері.

Қызыл жалынды сөндіуге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22