ҚР ІІМ: Алаяқтардан қазақстандықтарға 11,3 млрд теңге шығын келді

Интернет-алаяқтық жасаған 521 адам ұсталған

Sarbaz.kz редакторы
20/10/2023 - 18:39

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Биыл 13 700-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, салдарынан 13,5 мыңнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Парламентте айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің 70%-ы қала тұрғындары, қалған 30%-ы ауыл тұрғындары. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы әртүрлі – бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер және басқалар бар.

«Азаматтарға келтірілген жалпы шығын – 11 млрд 355 млн теңге. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2,5 мың түрлі интернет-алаяқтық жасаған 521 адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды. Жәбірленушілерге 523 миллион теңге көлемінде шығын өтелді», - деді Қаржы министрі.

Kazinform мәліметіне жүгінсек, азаматтарға онлайн-кредиттер мен қарыздарды рәсімдеуге, олардың банк жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтарды шетелдіктер жасайды. Олар жасаған 9 мыңға жуық қылмыстан азаматтарға шамамен 7 млрд теңге залал келген, оның ішінде 5,8 млрд теңге кредиттер мен қарыздар түрінде рәсімделген.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91