Эстония алдағы төрт жылда 1,2 млрд еуроға оқ-дәрі сатып алады

Даму жоспарында Эмари авиабазасында ұшу-қону жолағын қайта жаңарту көзделген

Sarbaz.kz редакторы
17/07/2023 - 01:33

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Эстонияның Қорғаныс министрі Ханно Певкур Қарулы Күштерді дамытудың 2024-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Соған сәйкес, HIMARS реактивті жүйелерін, орта қашықтықтағы әуе қорғанысы зымыран кешенін, сондай-ақ рекордтық құны 1,2 миллиард еуроны құрайтын оқ-дәрілерді сатып алу жоспарланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Эстонияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даму жоспарында Эмари авиабазасында ұшу-қону жолағын қайта жаңарту көзделген. Сонымен қатар жаңа казармалардың, оқ-дәрілер қоймаларының, әскери қоймалардың құрылысы басталмақ. Сондай-ақ Pikker күзет кемесін ауыстыру, қорғаныс өнеркәсібіндегі жобаларды қоса қаржыландыруды ұлғайту көзделген.

«Эстонияның қорғанысқа салған инвестициясы Украинадағы соғысқа байланысты күрт өсті. Біз қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жабдықтарды едәуір көп аламыз. Бірақ адамдар мен инфрақұрылымға да инвестиция салу маңызды», - деп атап өтті Певкур.
Ол Украинадағы оқиғалар Эстонияның қандай салаға инвестиция салу керектігін анық көрсеткенін тілге тиек етті.
«Бұл мемлекеттік қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 3 пайызына дейін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген қорғаныс ведомствосы басшысының сөзінде.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, даму жоспары қорғаныс күштері қолбасшысының ұсыныстарымен және НАТО-ның мақсаттары мен міндеттеріне негізделген.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85