Президент құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады

Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда аталып өтеді

Sarbaz.kz редакторы
19/10/2023 - 15:13

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда аталып өтеді. Кәсіби мерекенің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 69 өрт сөндіруші қызмет барысында қаза тапқанын мәлім еткен.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4