Алматыда қаза болған өрт сөндірушінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Ол қызмет бабында қаза болған

Sarbaz.kz редакторы
18/10/2023 - 23:39

Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №7 өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан аға өрт сөндіруші Арслан Құрманбековтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Арслан қызмет еткен гарнизонның басшылығы мен жеке құрамы және туған туыстары қатысты.

Өз сөзінде ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев азаматтық қорғау аға сержанты Арслан жауапты қызметкер, кәсіби жауынгер және сауатты маман болғанын айтты. Әріптестері оны еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін жоғары бағалады.

Мемориалдық тақтаны ашу рәсімі Арсланның анасы – Бақытгүл Жолдасбекқызына және ТЖД бастығына берілді.

Салтанатты қарауыл ескерткіш тақтадан ақ жамылғыны алып, жиналған туыстары мен әріптестері мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Естеріңізге сала кетейік биыл 15 мамырдағы ҚР Президенттің Жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №7 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91