Солтүстік Корея Жапонияға жақын теңізге құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырған болатын
Жексенбі күні Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония елдерінің Әскери-теңіз күштерінің кемелері жапон теңізінің халықаралық суларында зымыранға қарсы қорғаныс бойынша үш жақты жаттығу өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz Оңтүстік Корея әскерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаттығуға америкалық Aegis көпфункционалды зымыранға қарсы жүйесімен жабдықталған үш тарап қатысты. Олар: оңтүстіккореялық Roks Yulgok Yi I, америкалық USS John Finn және жапониялық JS Maya.
Жаттығу бойынша кемелер Солтүстік Корея баллистикалық зымыранды ұшырғаннан кейін компьютер арқылы модельденген нысанды анықтап, қадағалап, тиісті ақпаратпен бөлісті.
Естеріңізге салсақ, сәрсенбі күні Солтүстік Корея Жапонияға жақын теңізге құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырған болатын. Бұл ретте Оңтүстік Корея жұма күні Пхеньянның құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыруына жауап ретінде КХДР-дың төрт жеке және үш заңды тұлғасына біржақты санкциялар енгізді.