Өскеменде 75 тонна күнбағыс дәні өртеніп кетті

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ

Sarbaz.kz редакторы
17/10/2023 - 21:31

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылғы 17 қазанда Примыкание көшесінде орналасқан ЖШС аумағында өрт шықты. Май сығымдау кешенінің кептіру камерасында 75 тонна күнбағыс дәні өртенді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала болжамы – технологиялық процестің бұзылуы.

Өрт 8 сағат 28 минутта толығымен сөндірілді. ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері шамамен 3000 тонна дайын өнімді аман алып қалып, оттың жақын маңда орналасқан өрт қауіпті құрылымдарға таралуына жол бермеді.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 63 адам мен 18 бірлік техника, «Таза Өскемен» ЖШС-дан 6 адам мен 3 бірлік техника, сондай-ақ ҚТЖ ҰК АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4