«Ертіс орманы» резерватындағы жағдай: 98 орамда өрт күшейіп барады

Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аумақты әуеден барлады

Sarbaz.kz редакторы
16/07/2023 - 18:47

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өртке қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманнан өрт шықты.

«Қазір жаңа күш келді, жағдайды толық бақылауға аламыз. Өрттің ошақтары контур бойынша сөндіріледі. Авиация таңертеңнен дайын тұр. Тікұшақ ірі өрт ошақтарын сөндіруге жұмылдырылады. Тікұшақ іркіліссіз жұмыс істеуі үшін облыс әкімінің шешімімен жанар-жағармай бекеті ұйымдастырылды. Сол арқылы уақыт үнемделеді, тиісінше тікұшақ суды молырақ шашады. Жалпы жағдай бақылауда», - деді Сырым Шәріпханов. 

Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аумақты әуеден барлады. 98 орамдағы өрт ерекше бақылауда, онда өрт күшейіп бара жатқаны хабарланды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85