Павлодарда топырақ астында қалған екі жұмысшының біреуі көз жұмды

Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды

Sarbaz.kz редакторы
16/10/2023 - 22:13

Павлодарда шұңқыр қазған бір тұрғын мерт болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, 15 қазанда кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекенжайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жетті.

«Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды. 51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды», – деді станцияда.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады. Оған «ұзақмерзімді жеңіл дәрежеде қысылып қалу» синдромы деген диагноз қойылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке үйдің ауласында үй иесіне көмектесіп жатқан екі ер адам су құбырын тарту кезінде топырақтың астында қалған.

«Құтқарушылар 1977 жылы туған азаматты үйінді астынан шығарды. Ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Өкінішке қарай, 1972 жылы туған екінші адамды аман алып қалу мүмкін болмады», – дейді департаментте.

Азаматтарды құтқару жұмыстарына он бір адам мен үш техника жұмылдырылды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85