Семей орманында болған алапат өрттен мемлекетке 161 млрд теңгеден астам шығын келді

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жауабы жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
16/10/2023 - 16:25

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Биыл маусым айында Семей резерватында болған алапат өрттен мемлекетке келген шығын мөлшері белгілі болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 27-5/143-НҚ «Комиссия құру туралы» және 2023 жылғы 25 шілдедегі № 27-4/151-НҚ «Комиссия құру туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтарына сәйкес министрлік, төтенше жағдай министрлігі және «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен 2023 жылғы 8 маусымдағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бородулиха, Новошульба және Семей филиалдары аумағында болған ірі орман өрті фактісі бойынша қызметтік тексеріс өткізілді», - делінген министрлік хатында.

Ақпаратта айтылғандай, жүргізілген тексеру нәтижесінде келесі жағдай анықталған.

«2023 жылғы 8 маусымда «Семей орманы» резерватында болған ірі орман өртінің жалпы ауданы – 63 333,5 га. Оның ішінде, орман іші – 54915,7 гектар, орман маңы – 7703,8 га, орманға жатпайтын – 714,0 га. Толық материалдық залал – 161 555 125 335,0 теңге (жүз алпыс бір миллиард бес жүз елу бес миллион бір жүз жиырма бес мың үш жүз отыз бес теңге 00 тиын). Оның ішінде тікелей материалдық залал – 32 395 607 477,7 теңге және жанама материалдық залал – 129 159 517 858,0 теңге», - дейді ведомство.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85