ХАМАС шабуылынан Қазақстан азаматы қаза тапты деген рас па?

Админ
15/10/2023 - 21:25

pixabay.com

pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі қақтығыстардан Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы мәліметті теріске шығарды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ЦАХАЛ (Израиль Қорғаныс армиясы) ХАМАС ұйымының 7 қазандағы шабуылынан қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтардың тізімін жариялаған болатын.

Олардың арасында Қазақстанның бір азаматы бар деген дерек шыққан.

Алайда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Израиль билігі кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4