«Семей орманында» тағы да өрт: 20 гектар жер қызыл жалынға оранды

Өрттің жанында «Шошқала» демалыс аймағы орналасқан

Sarbaz.kz редакторы
15/07/2023 - 22:13

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ Абай облысындағы «Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, 15 шілде күні Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).

«Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары : облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.

Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді. Қазіргі уақытта «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды», - делінген министрлік хабарламасында.

Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м/с.

Өрттің жанында «Шошқала» демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17