Павлодар облысындағы дала өрті Баянауыл аумағын шарпып өтті

Жалпы аумағы 20 гектар аумаққа жетті

Sarbaz.kz редакторы
15/07/2023 - 19:46

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысында тұтанған дала өрті Баянауыл ұлттық саябағы аумағын шарпыды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

14 шілдеде Қызылтау ауылынан 12-45 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөп өртенген. Жергілікті атқарушы органдар ақпараты бойынша өрттің болжамды ауданы 800 гектар болған.

«Өрт «БГНПП» РММ аумағына өтті (Долба орманшылығы, 115, 117, 118 кварталдар) және сол жерде 20 гектар аумақты қамтыды. ТЖД-ның тартылған күштері мен құралдарын ескере отырып, жануды оқшаулауға мүмкіндік туды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Жалпы алғанда, облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құралымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы жұмылдырылған.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22