Астанада құрылыс алаңында биіктен құлап кеткен екінші жұмысшы көз жұмды

Ол аурухана төсегінде жантәсілім етті

Sarbaz.kz редакторы
13/10/2023 - 21:49

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Астанада құрылыс алаңында оқыс жағдайда биіктен құлап кеткен альпинистердің тағы бірі көз жұмды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өзге зардап шегушілердің денсаулығына қатысты пікір білдірді.

«12 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға құрылыс алаңынан биіктен құлап кеткен 3 зардап шегуші түсті. Үшеуіне де көптеген жұмсақ тін жарақаты, қабырғасының, жамбас сүйектерінің, мойын сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзаларының жарылуы, шок және жоғары дәрежелі травматикалық жағдай диагноздары қойылды», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Зардап шеккендер жансақтау бөлімдеріне жатқызылып, алған жарақаттары бойынша хирургиялық және қарқынды ем жүргізілді.

«Көптеген ауыр жарақаттың салдарынан 12 қазанда сағат 17:40-та зардап шегуші – 1999 жылы туған азамат қайтыс болды. Бүгінде тағы екі зардап шегуші – 1999 және 2002 жылдары туған екі жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр», - деді олар.

Айта кетейік, Астанада құрылыс нысандарының бірінде төрт жұмысшының биіктіктен құлап кеткені және олардың бірінің оқиға орнында қаза болғаны хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91