Президент ТМД басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкекке барды

Бішкек қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы бүгін өтеді

Sarbaz.kz редакторы
13/10/2023 - 20:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Бүгін Бішкек қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4