Олардың біреуі көз жұмды
Астанада құрылыс алаңында төрт жұмысшы оқыс жағдайда биіктен құлап кетті. Бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Елорданың полиция департаментінің хабарлауынша, тоғызыншы қабаттан құлаған үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, өнеркәсіптік альпинистердің үшеуі 1999 жылы, тағы біреуі 2002 жылы туған.
«Құрылыс алаңында жұмысшылардың құлауы бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүріп жатыр», - деді полиция.