Астанада тапсырыспен адам өлтірмек болғандар ұсталды

Олардан жауынгерлік тапанша табылды

Sarbaz.kz редакторы
13/10/2023 - 16:13

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Астананың полицейлері тапсырыспен кісі өлтірмек болған оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан жалтармақ болған. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана-Көкшетау тасжолында ұсталды.

«Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді», - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22