Астанада есірткі сатқан 19 жастағы жігіт ұсталды

Күдіктіден синтетикалық есірткісі бар 40 түйіншек табылды

Sarbaz.kz редакторы
15/07/2023 - 16:29

Фото: kzvesti.kz

Фото: kzvesti.kz

Интернет дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қабанбай батыр көшесінде тікелей байланыссыз интернет дүкен арқылы есірткіні өткізген 19 жастағы астаналық жас жігітті анықтады.

Есірткіні жас жігіт халық көп жиналатын орындарға, орталық саябаққа жасырып қойып кетіп отырған. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіт қылмыс жасағанын мойындаған және интернет дүкеннің жұмыс жүйесі туралы және ол жерден алатын заңсыз сыйақы туралы айтып берген. Жеке тінту барысында одан синтетикалық есірткісі бар 40 түйіншек табылып, тәркіленді.

Алынған мефедрон синтетикалық есірткінің жалпы салмағы - 40 грамм, бұл 150 рет қолданылатын доза.

Қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы елорда тұрғыны Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні өткізуге бірге қатысқандарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22