Қорғаныс министрі Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан-Үндістан әскери ынтымақтастығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендр Прасадпен кездесті.
Тараптар жауынгерлік дайындық, әскери білім беру және өзара қызығушылық тудыратын басқа да саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылады.