Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанның Наиброфи жерінде құтқару жұмысын бастап кетті

Ауғанстанда өткен демалыс күндері жойқын жер сілкінісі болған

Sarbaz.kz редакторы
11/10/2023 - 17:16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары Герат провинциясына келгеннен кейін түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстандық құтқарушылар үшін жұмыс ауданы Герат қаласынан 25-30 км қашықтықта орналасқан Наиброфи жері анықталды.

Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиын екенін атап өткен жөн.  Дәл осы жерде хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп.

Герат билігі құтқарушылардың жеделдігі үшін алғыс білдіріп, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңқалды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді. Сонымен қатар, 11 қазанда гуманитарлық жүктің бірінші бөлігі жіберілді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91