Қазақстанда жыл басынан бері 200-ден аса адам жер үйде шыққан өрттен көз жұмды

Қай өңірлерде өлім көрсеткіші жоғары екені айтылды

Sarbaz.kz редакторы
10/10/2023 - 17:39

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Елімізде жыл басынан бері тұрғын үй секторында болған өрттен 203 адам көз жұмды. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Жыл сайын жылыту кезеңінің басталуымен өрт саны өсе бастайды. Жалпы, тұрғын үй секторында олардың саны жыл басынан бері 4 мыңнан асты. 203 адам қаза тапты, 193 адамның денесін күйік шалды және уланды. Өрт кезінде қаза тапқандар санының артуы Шымкент қаласында, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалып отыр», - деп баяндады Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

×

Редакция

$ 493.85  519.04  4.97