Изарильден қазақстандықтарды елге жеткізетін рейс ұшып шықты

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс өткен сенбі күні басталған

Sarbaz.kz редакторы
10/10/2023 - 15:35

Фото: Air Astana

Фото: Air Astana

Air Astana ұшағы қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Тель-Авивке ұшып кетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Air Astana компаниясы 10 қазан күні таңғы сағат 8-де Алматы қаласынан Тель-Авивке Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін ұшқанын хабарлады. Тель-Авивтен Алматыға қайтатын рейс Астана уақыты бойынша сағат 23:45 шамасында келеді.

Осыған дейін Air Astana әуекомпаниясы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша Израильге бір рейс ұшыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің мәліметінше Израильде консулдық есепте тұрмайтын 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін.

Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс өткен сенбі күні басталған.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22