Басына оқ атып алған: Ұлттық ұлан сарбазы оқыс жағдайда көз жұмды

ҚР Ұлттық ұлан ресми хабарлама таратты

Sarbaz.kz редакторы
09/10/2023 - 21:14

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық ұлан 6636 әскери бөліміндегі сарбаз өліміне қатысты арнайы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«9 қазанда 6636 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Қайсар Маратұлы Сұлтанов әскери қалашықты күзететін кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кірісті. Штаб бойынша кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің жұмысын тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты күзет бекетінен басындағы оқ жарақатымен тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Қызметтік тергеу басталған.

«6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - дейді Ұлттық ұланнан.

Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17