Израильден қазақстандықтарды алып қайту үшін арнайы рейс ұйымдастырылады

Рейстің келу және ұшу уақыты келісіп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
09/10/2023 - 20:24

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Air Astana әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін арнайы рейс ұйымдастырады, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 қазанда Air Astana әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы – Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр.

«Алматы қаласынан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Air Astana әуе компаниясының ақпараты бойынша Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақыты келісіп жатыр.

«Барлық сұрақ бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp)», - дейді компания өкілдері.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4