Қазақстан мен Франця қорғаныс саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады

Бейнеконференцбайланыс режимінде өтті

Sarbaz.kz редакторы
13/07/2023 - 22:05

Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан мен Францияның топографиялық қызметтерінің өкілдері топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу елдердің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.

Оған қатысушылар әскерлерді геоақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы ақпаратпен алмасты.

«Одан бөлек басқару органдарының шешімін қабылдауды қолдау жүйесіне арнайы техника мен геоақпараттық технологиялардың перспективалық үлгілерін жобалау, құру және енгізу мәселелері де қозғалды.

Тараптар талқылау нәтижелері бойынша әскерлерді геоақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға ниет білдірді», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07