Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдейді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 11 429,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,5% көбейді.
2023 жылғы қаңтар-мамырда тауарлар экспорты 4455,5 млн АҚШ доллары (45,3% көп), импорт – 6974,4 млн АҚШ доллары (4,2% аз) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%-ға, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,7%-ға, Беларусқа – 3,2%-ға, Арменияға – 0,2%-ға келеді.