Qatar Airways жақын арада екі елдің астаналары арасында әуе рейстерін ашу мәселесін қарастыруда
Енді Алматы мен Доха қалалары арасында ұшақ күніне екі рет қатынайтын болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26-27 шілде күндері Қазақстан мен Катардың авиациялық биліктері арасында өткен келіссөздер барысында елдер арасындағы рейстер саны ұлғайтылды. Аталған келіссөздердің нәтижелері бойынша Qatar Airways қол жеткізілген уағдаластықтарға сүйене отырып, Алматы–Доха бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерінің санын 2023-2024 жылдары күзгі-қысқы кезеңнен бастап аптасына 7-ден 14 есеге дейін (күніне 2 рейс) ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Qatar Airways жақын арада екі елдің астаналары арасында әуе рейстерін ашу мәселесін қарастыруда.
Қазақстан мен Катар арасындағы әуе рейстер санының артуы елдер арасындағы туризм, инвестициялық, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.