Есірткі саудасы: күдікті Германиядан экстрадицияланды

Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ұлас Үсенбай
13/07/2023 - 18:58

Германия үкіметі ҚР Бас прокуратурасының аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды  Sarbaz.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2020 жылы елордада қылмыс жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан қашып жүргендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - делінген мәліметте.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85