Жыл басынан бері Қытайдан 70 мыңнан астам турист тіркелді
Елімізге биыл миллионыншы турист қыркүйектің соңғы күнінде eQonaq ақпараттық жүйесінде тіркелді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazakh Tourism баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдан келген турист Алматыға 4 күнге келіп, Rahat Palace Hotel қонақ үйінде аялдады.
Жалпы Қытай елінен келген қонақтар барлық шетелдік қонақтар арасында үшінші орында.
Жыл басынан бері eQonaq-та Қытайдан 70 мыңнан астам турист тіркелді.
Бірінші және екінші орында Ресей мен Өзбекстаннан келген туристер орналасқан.
Үздік 10 елге Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Германия, Моңғолия және АҚШ туристері кіреді.
Шетелдік қонақтардың көпшілігі Алматыға – 343 мың турист және Астанаға – 174 мың турист келді.
ТОП-5 бағытқа Алматы облысы кіреді, оған 62 мың турист келді, одан бөлек Атырау облысына – 58 мың турист және Маңғыстау облысына – 52 мың турист келген.
Kazakh Tourism Туризм және спорт, Ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп әзірлеген eQonaq ақпараттық жүйесі шетелдік қонақтарды есепке алуға және туристік ағымның мониторингіне арналған.
Жүйе көші-қонды бақылау міндетін де орындайды.