Мемлекет басшысы CNPC компаниясының төрағасын қабылдады

Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Sarbaz.kz редакторы
03/10/2023 - 21:44

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу – Бозой – Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының ҚХР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелер қарастырылды.

×

Редакция

$ 493.85  519.04  4.97