«Манчестер Ситидің» бұрынғы шабуылшысы әрі президенті қайтыс болды

Ойыншы ретінде Фрэнсис Ли «Ситиде» 330 матч өткізіп, 148 гол соққан

Sarbaz.kz редакторы
03/10/2023 - 20:55

«Манчестер Сити» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы, кейіннен президенті болған Фрэнсис Ли 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ағылшын футбол клубының сайтына сілтеме жасап.

«Біз «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы және басқарма төрағасы Фрэнсис Лидің 79 жасында қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Қайтыс боларының алдында оның қатерлі ісік дертіне қарсы күрес жүргізгені туралы мәлім етілді.

Ойыншы ретінде Фрэнсис Ли «Ситиде» 330 матч өткізіп, 148 гол соққан. Команда құрамында ол Англия Кубогын, ағылшын лигасының кубогын, кубок иегерлерінің кубогын бір мәрте жеңіп алған.

1994 жылы Фрэнсис Ли клубтың президенті болып, бұл лауазымда төрт жыл қызмет еткен.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91