Әскери қызметшілер қарттарға, соғыс ардагерлеріне және танымал өнер қайраткерлеріне барды
Қарттар күнінде Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері КСРО Халық әртісі, танымал халық және эстрадалық әндерді орындаушы, тәжірибелі педагог Бибігүл Төлегеноваға барды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Әйгілі опера әншісі әскери қызметшілерді жылы қабылдады. Кездесу барысында Бибігүл Ахметқызы азаматтардың бейбіт өмірін және мемлекеттің іргелі құндылықтары – оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғайтын әскерилер атқаратын міндеттің айрықша екенін ерекше атап өтті.
«Сіз қазақ ән өнерінің дамуына баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің шығармашылығыңыз өнерсүйер тыңдарманға шабыт берді. Бұл үшін Сізге алғыс айтамыз және зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір тілейміз!» – деді сахна ардагеріне Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Фархат Құрманғажинов.
Осындай кездесулер еліміздің басқа өңірлерінде де өтті. Әскери қызметшілер қарт адамдарға, соғыс ардагерлеріне және танымал өнер қайраткерлеріне барды.