Қорғаныс министрлігі Швейцария дипломаттарымен бітімгерлік қызмет саласын талқылады

Қорғаныс министрлігіне Швейцария дипломаттары келді

Sarbaz.kz редакторы
02/10/2023 - 21:44

Швейцария Конфедерациясының өкілдерін ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.  

Әскери атташе полковник Кристоф Гертчпен және Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Балмен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілері талқыланды.

Тараптар бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты қатынастарға ерекше назар аударды.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07