Үсік, найзағай, жаңбыр, жел: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша тұман түседі

Sarbaz.kz редакторы
02/10/2023 - 21:33

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 3-5 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.

Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық.

Республика бойынша тұман түседі.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85