Құқық саласындағы ынтымақтастық: ҚР және БАӘ Әділет министрліктері арасындағы келіссөз

Әділет министрлігінің барлық мемлекеттік қызметтері электрондық форматқа ауыстырылды

Sarbaz.kz редакторы
12/07/2023 - 23:42

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев пен ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Абдулла Сұлтан бин Авад Аль Нуайммен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Азамат Есқараев екі мемлекет арасындағы ынтымақстастық, оның ішінде Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім шеңберінде дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Біздің дамуымыздың жаңа бағыты экономика мен мемлекеттік қызметтерді кең ауқымды түрде цифрландыруға негізделген. Осы бағытта, Әділет министрлігі «Digital Justice» бағдарламасын іске асыруда. Ол 12 жобаны іске асыруды көздейді. Атап айтқанда, норма шығармашылық, нотариат, азаматтық хал актілерді тіркеу және басқа да салаларда. Әділет министрлігінің барлық мемлекеттік қызметтері электрондық форматқа ауыстырылды. Мобильді қосымша арқылы олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданып жатыр», - деді ҚР Әділет министрі.

Кездесу соңында тараптар құқық саласында ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін жеткізді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85