Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатыр
Қазақстандық ескекшілер – Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қазақстандық ескекшілер каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.
Жапониялық, ирандық ескекшілер екінші, үшінші орында.
Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.