Жаңа министрге ақша жинай үрдісі: ҚР ТЖМ айыптауға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Ресми мәлімдеме Түркістан облысындағы жағдайға қатысты жасалды

Sarbaz.kz редакторы
02/10/2023 - 15:58

Фото Tengrinews.kz

Фото Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында қызметкерлерден ақша бопсалады деген айыпқа жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан Төтенше жағдайлар министріне ақша жинау туралы мәлімдемесіне қатысты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып саналады», - дейді министрлік.

Ведомствоның хабарлауынша осыған дейін Зуялхан Гасанов (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын.

«Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері болып саналмайды, өйткені осы жылдың мамыр айында теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады.

Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Ведомство хабарламасында өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асыратыны және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылданатыны айтылған.

«ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне хабарлаймыз. Біздің министрліктің барлық қызметкерлері үшін «WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады», - дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Осыған дейін желіде Түркістан облысының құтқарушыларынан Төтенше жағдайлар жөніндегі жаңа министр Сырым Шәріпхановқа құрмет көрсету мақсатында ақша жиналды деген ақпарат тараған болатын.

«Түркістан облысының құтқарушыларынан жаңа ТЖ министрі Сырым Шәріпхановқа құрмет мақсатында ақша жиналды. Бұл туралы маған ТЖМ майоры Зуялхан Хасанов айтты. Офицерлік құрамнан 50 мың теңгеден және қатардағы жауынгерден 20 мың теңгеден», - дейді қоғамдық белсенді Ботагөз Омарова.

×

Редакция

$ 493.85  519.04  4.97