Әскери қызметшілер қарттарға арналған шаралар өткізуде

Админ
01/10/2023 - 20:24

gov.kz

gov.kz

Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласындағы қарттар үйіне барып, оларға концерт қойып, тамаша көңіл-күй тарту етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мұнда әскери қызметшілер әрдайым қарттар үйінің құрметті қонағы, олар да Отан қорғаушылармен кездесуді асыға күтеді. Өздеріңіз білетіндей, 1 қазанда жыл сайын Қазақстанда, бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық қарттар күні мерекеленеді.

Биыл әскери қызметшілер зейнеткерлерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды, қарттар үйінің қамқорлығындағылар мен қызметкерлерді де назардан тыс қалдырған жоқ. Оларға арнайы гарнизондық Офицерлер үйінің көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Фольклорлық шығармалар, әсем билер мен әуезді әндер қарт адамдарға жағымды әсер сыйлап, көңіл-күйлерін көтерді.

Біз мүмкіндігінше қарттарды назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Оларға мерекелік көңіл-күй мен жан жылуын сыйлай алдық деп үміттенеміз, – деп атап өтті "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызмет басшысы Ақмарал Ахметжанова.

Қарттар үйінің басшылығы Абай гарнизонының әскери қызметшілеріне концерттік бағдарлама үшін және аға буынға қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді. Шара соңында қарттар үйінің қамқорлығындағы барлық жандарға әскери қызметшілерден сыйлықтар табысталды. 

Ал Алматыда қарттар күніне орай Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының Алматы филиалы "ҚДСМ" қазақстандық медициналық университетімен бірлесіп қарттарға арналған шаралар кешенін өткізді. 

ҚР ҚМ Спорт комитеті – ОСК базасында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша қарттардың саулығын қолдауға және сауаттылығы мен дағдыларын арттыруға бағытталған шеберлік сабақтары өтті. Бұл күні үстел ойындары, теннис ұйымдастырылды, әскери әндер шырқалып, естелік суретте жасалды. Әр қатысушыға естелік сыйлықтар табысталды.  

Шара соңы ұжымдық вальс билеумен және мерекелік дастарханмен аяқталды.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.62  513.22  5.43