1 қазанға арналған ауа райы болжамы

Админ
01/10/2023 - 16:31

pixabay.com

pixabay.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 1 қазанға арналған синоптикалық жағдайдың болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталық аймақтарында жаңбыр жауады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық өңірлерінде әлі де жаңбырдың жаууына ықпал ететін төмен қысымды өрістер мен атмосфералық фронттар жүреді, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыз бойынша тұман тіркеліп, оңтүстік-шығыс, күндіз орталық өңірде екпінді жел тұрады деп күтіледі, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда өңірінің орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында өрт қаупті сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5