Елімізде брондалған көлік сынақтан өткізіліп жатыр

Сынақтар тәжірибелік әскери пайдалану бағдарламасына сәйкес жүргізіліп жатыр

22 қаңтардан бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің ТЖМ 52859 әскери бөлімі мен «Спасск» оқу орталығының базасында «Алан-2» броньды доңғалақты машинасының базасында өтімділігі жоғары радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автомобилін қысқы тәжірибелік әскери пайдаланудың екінші деңгейі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сынақтар тәжірибелік әскери пайдалану бағдарламасына сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Брондалған доңғалақты машиналарға тәжірибелік әскери сынақтар жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қорғаныс министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының мамандары, сондай-ақ «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС инженерлік-техникалық құрамы тартылды.

Сынақ барысында өтуі қиын жерлерде қалың қарды еңсере отырып, аязды ауа райы жағдайында базалық шасси сыналып, жүргізіліп жаттықтырылды. Агрегаттар мен жүйелердің жұмыс қабілеттілігі, пайдалану-техникалық қасиеттері, техника агрегаттарының жүктеме, жылу және жылдамдық режимдері тексерілді», — деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19